Туған тілім – тұнығым, туған тарих – тұғырым » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Туған тілім – тұнығым, туған тарих – тұғырым
10
ақпан
2023

Туған тілім – тұнығым, туған тарих – тұғырым

№27орта мектеп-гимназиясында «Туған тілім – тұнығым,  туған тарих – тұғырым»  қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығында «Көңіл назы» атты поэзия кеші болды. Кешке Жетісулық  ақындар Айдын Кәлімханұлы және  Жангелді Немеребай шақырылды. 
Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште оқушылар  ақындардың  өмірі мен шығармашылықтарымен, ақындардың  адами болмысы мен рухани әлемімен жақын танысты. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын оқушылар ақындардың жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, ақын  өлеңдерімен рухани сусындады. 
Өз кезегінде кеш иелері өздерінің ақындығы жайында сырлы әңгімелерімен бөлісіп, оқушыларға сиясы кеппеген біраз өлеңдерін оқып берді. Ақын Жангелді Немеребай өзінің өлеңдер жинағын мектепке сыйға тартты. 
  Тамаша кеш соңында мектеп  директоры Гүлжан Сеиітжапарқызы ақындардың  шығармашылығына ерекше табыс тілеп, өзекжарды тілегін айтты. 
 Оқушылар ақындармен  естелікке суретке түсті.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив