07
қараша
2021
Мектеп асханасында тегін ыстық тамақ ұйымдастыру
Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. № 27 орта мектеп – гимназиясының 2021-2022 оқу жылында білім алушылар саны- 1335 оқушы. Оның ішінде аз қамтылған отбасы саны - 66, көп балалы отбасы саны - 198, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны- 70, жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылар саны – 7 оқушы. Жалпы білім беру есебінен мектебіміздің 309 оқушы, оның ішінде 1-4 сыныптар - 127 оқушы, 5-11 сыныптар – 182 оқушы тамақтанды. Асхананың кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады.