02
желтоқсан
2019
1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні
Алматы облысы Талдықорған қаласы "27 орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай 25-29 қараша аралығында тəрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.Жоспар бойынша кітапханада Елбасына арналған көрме, 26.11 күні 1-4 сынып арасында "Ұлт көшбасшысы- Н.Ə.Назарбаев" тақырыбында сурет байқауы, 27.11 күні 5-8 сынып арасында "Елбасының дара жолы" тақырыбында үздік қабырға газеті, 28.11 күні 9-11 сынып арасында "Елбасы жəне Болашақ бағдарламасы" тақырыбында үздік эссе байқауы өткізілді. 29.11 күні "Заманауи Қазақстан.Елбасының көшбасшылық сабақтары" тақырыбында жалпыреспубликалық ашық тəрбие сағаты өткізілді. Ашық шараға қомқоршылық кеңестің төрағасы: М.Р.Рахимбек, ата-аналар комитетінің төрайымы: Ж.Ж.Есилхановна шақырылып қатыстырылды.