Вакансия » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қаңтар
2023

Вакансия

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау,
қызметтен босату қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 жылғы
№568 бұйрығы негізінде (мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы) бос орындарға:
1. Педагог-ассистент
2.  математика пәні мұғалімі (орыс және қазақ тілінде)
лауазымдарына конкурс өткізіледі.
8-тармаққа сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
 1) Осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 
2) Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
30 қазандағы № ҚР ДСМ-175 /2020 бұйрығымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы
туралы анықтама;
7) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 
9) біліктілік тестілеу сертификаты; 
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
 11) Түйіндеме.
Конкурс 2023 жылдың 12 қаңтар күні сағат 11:00-де №27 орта мектеп-гимназиясында өтеді. Мекен-жайымыз: Талдықорған қаласы, Алимжанов к-сі №20. Тел: 87083303424