Апталық іс-шаралар » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
қаңтар
2023

Апталық іс-шаралар

№27 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар 10 күндігінде өтіп жатқан іс-шараларға шолу.   24.01 күні  3 Б сынып жетекшісі  М.Медетбекова   жаратылыстану пәнінен  «Егіншілік қалай өзгереді? » тақырыбында  ашық сабақ өткізді.  Мұғалім сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді  іздеп пайдаланғаны байқалды. Сабақта әр түрлі көрнекіліктерді қолданды. . Әсіресе, нақты табиғи көрнекіліктер пайдаланғаны тиімді болды.    
25.01 күні  4 Г және 3 Б  және 4 Б сыныптарында әдебиеттік оқу , қазақ тілі және математика  сабақтарын   жас маманмен тәлімгер ретінде сабақ үлгісін көрсетті.   Мұғалімдер Ш.А.Жанибекбаева, Ж.А  Қайрылғазынова , А.Б Қалапбергенова сабақтың кезеңдерін бөлісе отырып , жас маманмен тәлімгердің  тәжірибе алмасу   үлгісін көрсетті.
26.01 2 А сыныбында  қазақ тілі пәнінен   « Түбір мен қосымша» тақырыбында  ашық сабақ өтті, мұғалімі   Ж. Жаксылыкова.  Сабақта   мұғалім  педагогикалық   технология   элементтерін қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын оятып ,  оқушылардың ойлауын, көзқарасын дамытты.
27.01 күні мектебіміздің  фаесінде «Қыс қызығым » тақырыбында сурет және  қол өнер бұйымдарынан  көрме  ұйымдастырылды . Мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімдері әділ қазылық етті.  Әр сыныптың бұйымдарымен танысып, әділ бағаларын берді.  Белсене қатысқаны үшін сыныптар мақтау қағазымен марапатталды.
Осы күні   бастауыш сынып мұғалімдері   Р.Нурахунова, С.Кегенбекова, Г.Жаикова   « Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу » тақырыбында  коучинг   ұйымдастырды.  Әріптестеріне тиімді әдіс-тәсілдер ұсыну мақсатында өткізді.   Мұғалімдер  «Әліппе », «Банкомат», «Эссе»  әдістері  арқылы   әр түрлі тапсырмалар орындады.    Коучинг соңында рефлексия кезеңінде адамның сұлбасын қайшысыз қолмен қию ұсынылды.  Қиылған адам сұлбасына  коучингтің   қалай өткені туралы кері байланыстарын берді.             

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив