"Бастауыш білім бастауы" атты онкүндік өткізілуде » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бастауыш білім бастауы" атты онкүндік өткізілуде
03
ақпан
2022

"Бастауыш білім бастауы" атты онкүндік өткізілуде


№ 27ОМГ 2021-2022 оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жоспарының негізінде, мұғалімдер арасында іс-тәжірибе алмасу, озық тәжірибені тарату, өзіндік білімдерін жетілдіру мақсатында "Бастауыш білім бастауы " атты онкүндік өткізілуде. Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа инновациялық технологияларың әдіс-тәсілдерін шебер қолдана білді. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары: ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлерін кеңінен пайдалануда. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім. Жас жеткіншектерді шығармашылық және танымдылық қабілеттерін арттыру мақсатында сыныптар арасында өткізген сыныптан тыс жұмыстар да жоғары дәрежеде өтуде.
1 «Ә» және 1 «Б» сынып жетекшілері Т.Ахметова мен А.Рысбаеваның ұйымдастыруымен математика пәнінен интеллектуалды ойын-сабақ өтті.  Оқушылардың бойында айтылым, тыңдалым дағдыларын   қалыптастыра отыра оқушылардың ұжыммен жұмыс жасауды көрсете білді. «Табысты ЭКО-мектеп» жобасын насихаттау мақсатында мектепалды даярлық тобының мұғалімі А.Шаянбаева жаратылыстану пәні сабағында «Судың және ауаның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Зертханалық жұмыс жүргізу арқылы тәрбиеленушілердің бойында ұжымдық, шығармашылық  дағдыларын дамыту мен қатар логикалық қабілетерін шындай білді. 
3Б және 3 Г   сынып жетекшілері Ш.Жанибекбаева мен Ж.Қайрылғазынованың ұйымдастыруымен әдебиеттік оқу мен дүниетану пәндерінен «Бала-бауыр етін» және «Менің отбасымның құндылықтары» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді.               Бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Абжанова мен Ж. Тулегенова бірлестік мұғалімдері арасында «Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында шебер сынып ұйымдастырды. Мұғалімдер өз іс-тәжірибесімен бөлісіп,әріптестерге жаңа теориялық мағлұмат бере алды.