1 қыркүйек-Білім күні » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қыркүйек
2023

1 қыркүйек-Білім күні

Дәстүр бойынша «№ 27 орта мектеп-гимназия» КММ-де 2023-2024 оқу жылындағы 1 қыркүйегінде Білім күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Жазғы демалыстан кейін балалар қайта мектепке салтанатты шараға жиналды.. Білім күнінің тақырыбы:"Мектебім-мейірім мекені".
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралардың бірі болып табылады. Салтанатты жиынды дәстүр бойынша мектеп директорының м/а Орынбаева Элимира Сериковна оқу жылының басталуымен, мектеп табалдырығын аттап отырған оқушыларды құттықтау сөзімен бастады. Салтанатты жиынымыздың қадірлі қонағы Төтенше жағдайлар ісі бойынша нұсқаушы Аубакиров Еламан Мамырбекұлы , 1 сыныптардың ата-анасы Саурбаева Айман Сапаевна құттықтау тілектерін айтты.
Бұл күн, әсіресе, 1 - сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер үшін аса маңызды. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. Ендеше, тарыдай болып кірген жас бүлдіршіндерге келешекте таудай азамат болып шығуына тілектеспіз!
Салтанатты жиыннан кейін :"Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарын мақсаттары :
. балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Салтанатты жиын 1,4,9,10,11 сыныптары үшін сағат 9.00-9.40 аралығында өтті Жиыннан соң барлық 1-11 сыныптары алғашқы сынып сағаттарына кірді 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив