Ата-аналары жиналысы » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
мамыр
2023

Ата-аналары жиналысы

«27 орта мектеп-гимназия» КММ бойынша 2023 жылдың 17 мамыр күні 2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп директоры ата-аналар, қамқоршылық кеңес төрағалары, ата-аналар комиттері алдында жылдық қорытынды есеп беру жиналысы өткізілді. Жиналысқа мектеп ата-аналары, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер қатысты. Жиналыста мектеп директоры Г.С.Сыдыбаева сөз алып, 2022-2023 оқу жылында мектепте атқарылған жұмыстар, материалдық база бойынша жұмсалған қаражат сондай-ақ оқу және тәрбие істері бойынша оқушылардың жыл бойғы жетістіктерін атап өтіп, ата-аналарға ризашылығын да білдіріп өтті. Сонымен қатар ата-аналардың сауалдарына  байланысты көтерілген мәселелер талқыланып қамқоршылық кеңес төрағасы Мықтыбек Рахымбекұлы 2022-2023ж оқу жылындағы қортынды есеп бойынша қанағаттанарлық деген баға беріп өтті.