Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
21
ақпан
2022

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

"Ауғанның отты жылдары"Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу - кеші

   " №27орта -мектеп гимназия"КММ  мектепте Ауған соғысының 33 жылдығына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
 Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Мектеп директоры Г.С.Сыдыбаева ұстаздарды,оқушыларды құттықтап, шараға келген қонақтарға алғыс білдірді.
   Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Бағдат Қазезұлы,  Берік Нұртайұлы  шақырылды.
     Жас жеткіншектер соғыс майданына аттанып, соғыс ардагерлері болып оралды. Сарбаздарымыз өздерінің әскери міндеттерін адал орындап, әскери қызмет соңына дейін нағыз сарбаз атағына лайық бола білді. Ауған соғысы ардагерлері ҰОС жылдарындағы фашизмді жеңген  қаһарман ата –бабаларымыздың ерен ерлігін екінші мәрте қайталады.
    Шараға қатысқан қонақтарымыз ерліктері туралы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырды.Шараға облыстық "Жетісу"телеарнасы да қонақ болып,"Таңжарық" бағдарламасынан көрсетілді.

Похожие публикации:

04 ақпан 2020 Дара Абай