Аналар асыл жандар » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
наурыз
2020

Аналар асыл жандар

Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың 6 – наурыз күні «Аналар асыл жандар» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.
Мақсаты: Көктемнің алғашқы аналар мерекесіне орай аналар мен қыздарға құрмет көрсету. Қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып, инабаттылыққа, парасаттылыққа баулу. Оқушыларды мейірімділікке, қайрымдылыққа, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету.
Мерекелік концерт мектебіміздің биші қыздарының «Қамажай» биімен басталып, мектеп директоры Сыдыбаева Гүлжан Сейтжапарқызы ұжымда еңбек етіп жүрген аналар мен қыздарды құттықтап, марапаттап өтті. Өнерлі оқушыларымыз: 1 А сынып оқушысы Дәулет Нұрайымның «Мереке» әні, 5 Ә сынып оқушыларының «Бақыт құсы» биі, 2 Ә сынып оқушысы Қабілет Аякөздің «Анашым» әні, 6 Ә сынып оқушысы Джалилова Лайлоның «Ана» көркемсөзі, 5А сынып ұлдарының «Лизгинка» биі, 3 Г сынып оқушысы Өтеген Алиханның «Әке ана» әні, 5А сынып оқушыларының «Қара жорға» биі, 5Ә Сынып оқушысы Оралбек Әлішердің «Ұстазыма мың алғыс» әні, 7 А сынып қыздарының орындауында «Ұлттар достығы» биі, 11 сынып оқушысы Тоқанов Дидардың «Анашым» әні, 6 сынып қыздарының орындауында «Флешмоб» биі биленді. Ер ұстаздар әйел ұстаздар мен қыздарды құттықтап, «Анашым» әнін хормен орындап, кешті қошеметке бөледі.

Похожие публикации:

05 наурыз 2020 Көктем аруы-2020
18 желтоқсан 2019 Біздің жүлдегер!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив