Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі
17
қаңтар
2020

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі

Қаңтар айының 17-сі жұлдызында мектеп психологы Шәбден Мереке ата-аналармен «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі» тақырыбында семинар тренинг өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың орнының ерекше екенін түсіндіру; Оқу-тәрбие үрдісіндегі міндетті жүзеге асыру үшін ата-аналардың белсенділігін көтеру және ынтымақтастықты нығайта отырып, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты күшейту;
Семинар – тренинг барысында ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас стилі, ата-ананың балаға ықпал ету әдістері жайлы ақпараттар берілді.
Сонымен қатар «Есім жіктеу» жаттығу, сергіту жаттығулары, «Отбасылық социограмма» әдістемесі жүргізілді. «Есім жіктеу» жаттығу барысында ата–аналар өз балаларының бойына тән жақсы қасиеттерді айтып, семинар – тренингтен алған әсерлерін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив