1-наурыз - Алғыс айту күні » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-наурыз - Алғыс айту күні
28
ақпан
2020

1-наурыз - Алғыс айту күні

Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қ.Р. Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығына сәйкес, Талдықорған қаласының білім бөлімінің 2020 жылғы 26 ақпан күнгі хаты негізінде «1-наурыз - Алғыс айту күні» мерекесін өткізу туралы бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспар бойынша 26.02-01.03 аралығында «Мың алғыс - қазақ халқына» тақырыбында мектеп кітапханаларында көрме қойылып, «Алғыс айтамын» акциясы ұйымдастырылды. 26.02-28.02 аралығында 1-11 сыныптар арасында «Алғысымыз шексіз» тақырыбында «Парасат» сағаттары өткізілді. 28.02 күні «Алғыс – сөздің асылы» тақырыбында мерекелік салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік жиында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Қалимолданова оқушылар мен ұстаздарды құттықтап, ұжымда еңбек етіп жүрген өзге ұлт өкілдеріне «Алғыс» білдіріп, марапаттады. Ұжымда еңбек етіп жүрген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, орыс ұлтының өкілі Байсакова Виктория Геннадьевна өзінің ізгі тілектерін айтып, алғысын білдірді. Мектебіміздің жас өнерпаздары 5 сынып оқушысы Оралбек Әлішердің орындауында «Жаса, жаса – Қазақ елі» әні, 7-8 сынып оқушылары флешмоб, 9 сынып оқушысы Бақытжан Алмираның «Frend zone» әні, 11 сынып оқушысы Тоқанов Дидардың орындауында «Қазақстаным» әні, 7 сынып оқушысы Арапова Ажардың орындауында «Ұстазыма мың алғыс» әні орындалып, көрермендер қошеметіне бөленді



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив