Нұр себеле,әз Наурыз! » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
наурыз
2022

Нұр себеле,әз Наурыз!


Бүгін берекелі де, мерекелі Наурыз мерекесінің бастамасы болып 27 орта мектеп-гимназиясында "Ата – баба дәстүрі - ұрпаққа аманат" дәстүрі бойынша ардагерлер үйінің зиялы қонақтары, алдыңғы буынды қарттарымызды қарсы алды.
 Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қадір – қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, салт - дәстүрлерімізді қадірлей білуге баулу. Оқушыларды салт - дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат
алуға тәрбиелеу мақсатында өткізіліп келе жатқан іс-шара.
Салт-дәстүрлер,қазақ халқының мұрасына айналған ұлттық өнер мен оқушыларымыздың өнерлерін тамашалап көне көз қарияларымыздың ақ батасын алдық. Осындай игі істер өскелең ұрпаққа тәлім мен тәрбиені бойына сіңіретін салттарымыз болашақта әлі де өз жалғасын табатынына сенімдіміз. Ұлыстың ұлы күні оң, ақ мол болсын!

Похожие публикации:

05 наурыз 2020 Көктем аруы-2020