«Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет.
05
қазан
2023

«Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республикалық педагогтер съезі басталды, Президент қатысуышларды Ұстаздар күнімен және съездің ашылуымен құттықтады. Құттықтау сөзінде:  «Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр. Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет», – деп көрсетті.

           Осы орайда 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданғанын айта келе, соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өскенін тілге тиек етті.
Мемлекет басшысы  білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды жеті  мәселеге тоқталып өтті: 
  • ұстаздардың біліктілігін арттыру:
  • балалардың заманға сай озық білім алуы; 
  • мектептегі орын тапшылығын жою; 
  • мектептің ең қауіпсіз орынға айналуы;
  • қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының теңсіздігін жою;
  • білім беру үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету;
  • оқушыларға озық біліммен қатар өнегелі тәрбие беру.
Мектеп – ең алдымен, білім ордасы. Балалар мектепке білім алу үшін баратынын да атап көрсетті. 
«Білім беру саласының алдында ауқымды міндет тұр. Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру. Әрбір бала мектептен сапалы білім алып, жақсы адам, адал азамат болып шығуы керек. Бәріміз осы маңызды мақсат жолында табанды еңбек етуіміз қажет.
Ұлы Абай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген. Сіздер осы қастерлі миссияны әрдайым абыроймен атқарасыздар деп сенемін, - деді мемлекет басшысы. 
Біз, №27 орта мектеп-гимназиясының ұжымы,  Мемлекет басшысының бізге артқан сенімін толық ақтаймыз деген сенімдеміз.