«Жаныңда жүр жақсы адам» » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
қараша
2023

«Жаныңда жүр жақсы адам»

Бүгін талдықорған қаласы №27 орта мектеп- гимназиясында  «Жаныңда жүр  жақсы адам» атты  Жетісу ақындарымен  кездесу өтті. Іс -шараның мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Атлған іс-шараға белгілі ақын, журналист М.Тынышбаев атындағы Жетісу облыстық музейінің бөлім басшысы, Қалкаман Абдырахманұлы «Ақ апаның арманы» атты кітаптың авторы Ырысхан Дүзелқызы  «Қазақ аналары-дәстүрге жол» Республикалық бірлестігінің Жетісу облысы Көксу ауданының филиалының жетекшісі Алтынбекова Әсел Серікбайқызы   №27 орта мектеп- гимназиясының директоры Искаков Нугуман   Слямұлы және №27 орта мектеп- гимназиясының Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстаздары, мектеп оқушылары қатысты.
 Шара барысында мектеп директоры Искаков Нугуман   Слямұлы құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді. Кеш қонақтары оқушыларға жыл лебіздерін білдіріп, жүрек  жарды ақ тілектерін айтып, ақ батасын берді.
  Шара соңында оқушылар  келген қонақтарға өлеңдерін  оқыды. Оқушылар сұрақтар қойып,  тұшымды жауап алды.  Ақын ағалар мен апаларымыз өз өлеңдерін оқыды. Кеш қонақтарының өлеңдерін тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен ақын апа-ағаларымыздың шығармашылығынан  салиқалы  ой түйдік.


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив