30
қаңтар
2023
Отбасы сайысы
Тақырыбы: «ӘКЕМ, ШЕШЕМ ЖӘНЕ МЕН»
отбасылық спорттық сайысҚатысушы: 1 сынып оқушылары мен ата — аналары
Мақсаты: Оқушыларды және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің манызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: отбасылық спорттық сайыс
Құрал – жабдықтары: доптар, секіртпелер, қаптар, кеглилар, арқан, қар қиыршықтыра,түрлі-түсті шарлар.
Өтілу барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Негізгі бөлім.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
«Жанұя – қорғаным, ата-ана - тірегім» дегендей «Әкем, шешем және мен» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 7 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата-аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт сапар тілейміз!
Ал ендігі кезек жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларымызды шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
«Қыран» тобы-Ноқабековтар отбасы
«Болашақ» тобы, Сәбетбаевтар отбасы
«Жалын» тобы, Догомановтар отбасы
«Алау» тобы, Уазимдер отбасы
«Тұлпар» тобы, Шарипбаевтар отбасы
«Сұңқар» тобы, Айтаказыевтар отбасы
«Бәйтерек» тобы, Ернұр отбасы
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі : Жақсыбеков Бағдат Төлеутаевич
Бастауыш пән бірлестігі: Кенжебаева Ботагоз Мукатаевна
Оқу ісінің меңгерушісі: Алтынбекова Бақыт Қуатбековна
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Құрманғалиев Нұрлыжан Оразбекович
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 7 турдан тұрады:
1-тур: «Менің отбасым». Таныстыру
2-тур: «Қаппен жүгіру»
3-тур: «Доппен жүгіру»
4-тур: «Секіртпемен секіру»
5-тур: «Қар жинау»
6-тур: «Шар үрлеу»
7-тур: «Арқан тартыс»
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Сайысты бастамас бұрын мектебіміздің директоры: Сыдыбаева Гулжан Сейтжапарқызына сөз береміз
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!
Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
— Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата-аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш-жігерлеріңізді, шымыр, шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге мектеп оқушыларының ән шашуын ұсынамыз:
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Әкем, шешем және мен» отбасылар сайысы осымен аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!