«Ұл бала -ұлт қорғаны» » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұл бала -ұлт қорғаны»
12
сәуір
2023

«Ұл бала -ұлт қорғаны»

12.04.23 жылы «№ 27 орта мектеп-гимназия» КММ-де «Ұл бала -ұлт қорғаны» тақырыбында 7-11 сынып ұлдар жиналысы өткізілді  Жиналыста ұлдардың тәртібі, сабаққа қатысуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қазақ отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Қатысқандар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Курмангалиев, А.Аязбаева, мектеп психологы А.Шаймерденова 
Күн тәртібіндегі қойылған  мәселелер бойынша  ең бірінші директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Курмангалиев “Ұл тәрбиесі.Ұлдарға кеңес” тақырыбында оқушыларға бейнеролик көрсетіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Сонымен қатар мектеп психологы А.Шаймерденова  психологиялық кеңестер беріп, бейнероликтермен бөлісті.Оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алып, жылы лебіздерін білдірді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мектептің iшкi тәртіп ережелерін таныстырып, оқушылардың сабаққа қатысуын, қарым-қатынас мәдениетін, мектеп мүлкін сақтау мен ұялы телефонды қолдану тәртібі туралы айтып өтті.  Сондай-ақ мектеп жасындағы балалардың түнгі уақытта көшеде жүрмеуi, ойын-сауық орталықтарына бармауы және сабақтан тыс кездегі бос уақытын тиімді пайдалану жайындағы ұсыныстарымен жалғасты. Жолда жүру ережелері, бала өмірінің қауіпсіздігi, тәртіп бұзушылық туралы түсінік берілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив