Ата - аналар жиналысы » №27 орта мектеп- гимназия
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің
«№27 орта мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-00
Есепші бөлімі:
+7(7282) 40-14-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
қаңтар
2023

Ата - аналар жиналысы

Бүгін №27 орта мектеп-гиинпзиясында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы кішігірім, ой тастарлық видеороликтер көрсетілді. Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деп айтып кеткендей, балалардың баянды болашақтары үшін педагогтар мен ата-аналардың күшін біріктіріп, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу мақсаты алға қойылды. Бауыржан Момышұлы: «тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, мектептің тәртібіне бағыну міндеті қойылды. Мектеп психологтары кибербуллинг және буллинг туралы да ата-аналарға ақпарат беріп өтті. Сөз соңында мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары А.Ж.Аязбаева
«Ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік» – деп жиналысты аяқтады.